
Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы – тіл жанашырларының басын біріктіруші ең үлкен алаң.
Қазақ тілі – ел бірлігінің, болмысының және болашағының негізі.
Біздің миссиямыз – оны ұлттық деңгейде дамытып, халықаралық деңгейде мойындату, жастарға заманауи, тартымды етіп ұсыну, ғылым мен технология тіліне айналдыру, сондай-ақ мемлекеттік мәртебесін толыққанды іске асыруға ықпал ету.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Алматы қалалық филиалының кеңейтілген отырысы өтті. Жиын барысында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оның қоғамдық өмірдегі қолданысын кеңейту мәселелері талқыланды.
Бүгін Haileybury Astana мектебінің оқушылары «Ұлттық диктант» жобасы аясында диктант жазып, сауаттарын сынады. Шара барысында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы мен Haileybury Astana мектебінің директоры Джон Коулз жобаның жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырудағы маңызына тоқталды.







